Конституция – халық сенімінің кепілі.

Конституция – елдің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Ол мемлекет пен азамат арасындағы өзара жауапкершілікті нақтылап, әр адамның құқығы мен бостандығын қорғауға бағытталған. Жаңа бастамалар мен өзгерістер қоғамдағы әділеттілік қағидатын күшейтіп, халықтың билікке деген сенімін арттырады.

Конституцияның басты құндылығы – заң үстемдігін қамтамасыз етуінде. Әрбір азамат заң алдында тең екенін сезінгенде ғана қоғамда тұрақтылық орнайды. Сондықтан Конституцияға енгізілетін кез келген өзгеріс елдің болашағына жасалған қадам деп білемін. Бұл құжат – бірлік пен келісімнің, бейбіт өмір мен тұрақты дамудың кепілі.

#Конституция
#ЗаңҮстемдігі
#ӘділеттіҚоғам
#Қазақстан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT