Көлігін игере алмай жолдан шығып аударылды

кінәлі деп танылып, айыппұл арқалады

Жүргізуші  метеорологиялық жағдайды ескермей, басқару жүйесін игере алмаған.

Жүргізуші көлік құралын басқарып келе жатып, Атырау-Астрахань тас жолы 626 шақырым тұсында метеорологиялық жағдайларды ескермей, басқару жүйесін игере алмай, жолдан шығып аударылған. Нәтижесінде атына тіркелген көлік құралына материалдық залал келтiрді.

Сот отырысында «WhatsApp»-желісі арқылы байланысқа шыққан М. басқару жүйесін игере алмай, жолдан шығып аударылғанын айтып көрсетті. Алайда жәбірленушіден өтініш түсіп, онда істі өзінің қатысуынсыз қарауды, көлік құралын сатып жібергені, М-ға қояр талабының жоқтығы көрсетілген.

Сот шешімімен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабының 1-бөлігімен оған жаза ретінде 40 838 (қырық мың сегіз жүз отыз сегіз) теңге айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Махамбет аудандық соттың баспасөз қызметі

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз