Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы бойынша 2026 жылдың 15 наурызында республикалық референдум өткізу жөнінде Мемлекет басшысы Жарлыққа қол қойған болатын. Осыған орай, ұсынылған өзгерістерді жан-жақты түсіндіру, қоғамда ашық диалог қалыптастыру және азаматтарды саяси науқанға белсенді қатысуға шақыру мақсатында аудандық коалиция құрылып, тұрғындармен кездесулер өткізу басталды.
Бүгін аудандық коалиция мүшелері Руслан Әженов пен Эльмира Испусинова Сарытоғай ауылдық Қ.Қалыбеков атындағы орта мектебіне арнайы барып, ұстаздар қауымымен жүздесті.
Жиын барысында Руслан Әженов жаңа Конституциялық реформаның мәні мен маңызына тоқталып, негізгі өзгерістермен таныстырып өтті.
Инновациялық даму мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігіне айналады. Қысқаша айтсақ, жаңа редакциядағы осындай өзгерістерді ел ішінде кеңінен талқылау, түсіндіру, сіздердің ұсыныс-пікірлеріңізге құлақ түру мақсатында басқосып отырмыз - деді Р.Болатұлы.
Сөз кезегін алған коалция мүшесі Эльмира Испусинова Конституция преамбуласында білім мен ғылымға, мәдениетке ерекше маңыз берілгенін, бұл өз кезегінде еліміздегі білім сапасының арттырып қоймай, цифрлық дәуірге сай жоғары білікті мамандар әзірлеп, ғылыми жетістіктерге жетуге жол ашатынын меңзеді.
Білім ордасында басталған кездесу жиыны Сарытоғай ауылдық мәдениет үйінде жалғасын тапты.
Б.САПАРОВА
Коалиция мүшелері сартоғайлықтармен кездесті
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- : 21



