Еңбекшіл ауылындағы мектеп ғимаратында орналасқан 230 референдум учаскесінде 155 дауыс беруші тіркелген болса, оның 7-еуі үйден дауыс беруге өтініш білдірген.
Таңғы 07.00-ден ашылғаннан бастап, дауыс берушілер саны артуда.
Ауылшаруашылығы саласында ұзақ жыл еңбек еткен зейнеткер Нұрберді Макаров та өз таңдауын жасап, өз пікірін білдірді.
-Бүгін міне, республикалық референдум ел тарихында үшінші рет өткізіліп отыр. Осындай маңызы зор саяси оқиғаға шешім қабылдауда халықтың үнімен санасу өте қажет, орынды. Атом электр стансасының құрылысын салу да бүгін халықтың таңдауына тапсырылды. Сол себепті, халықтың дауысы шешетін болады, - дейді еңбек ардагері.
Б.Сапарова