Халық аманатына – адал қызмет

ЕЛІМІЗДІҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ӨМІРІНДЕ ЖЕТЕКШІ РӨЛ АТҚАРАТЫН САЯСИ ҰЙЫМДАРДЫҢ БІРІ – «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ БҮГІНДЕ АЗАМАТТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТ­ТЫРУ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ САҚТАУ ЖОЛЫНДА АТҚАРЫП ОТЫРҒАН ҚЫЗМЕТІ ОРАСАН ЗОР. ПАРТИЯНЫҢ ҚОҒАМ МЕН МЕМЛЕКЕТ ИГІЛІГІ ЖОЛЫНДА АТҚАРЫП ЖАТ- ҚАН БҮГІНГІ ҚЫЗМЕТІ ЖАЙЛЫ ТОЛЫҒЫРАҚ БАЯНДАУ ҮШІН «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒА- СЫ ӘЖЕНОВ РУСЛАН БОЛАТҰЛЫМЕН СҰХБАТТАСҚАН ЕДІК.

- Руслан Болатұлы, бүгінде партияның аудандағы мүше- лерінің саны қаншаға жетті? Биылғы жылы жаңадан қабылданғандар бар ма?

- Партияға мүше болу бұл – ел тағдырына бейжай қарамай, қоғамның дамуына өз үлесін қосуға дайын азаматтың таңдауы дер едім. Бүгінгі күні аудандық филиалда 11 бастауыш ұйым партиясына біріккен 1705 партия мүшесі бар. Бұл аудан халқының айтарлықтай бөлігінің сенімін иеленіп отырған ірі саяси күш екенін көрсетеді. Партия қатарына сәуір айынан бастап 38 жаңа партия мүшесі қабылданып отыр. Олардың қатарында түрлі салада еңбек етіп жүрген мұғалімдер, дәрігерлер, жа­стар, мемлекеттік қызметкерлер мен қоғамдық белсенділер бар. Партия қатарына саналы да белсенді жаңа мүшелердің қосылуы – ұйымның беделі мен сенімінің арта түскенінің айғағы. Партия қатарына партияла­старды қабылдау жұмыстары биыл да жалғасуда.

- Партияның аудандық мәслихаттағы депутаттық фрак- циясының қызметіне тоқталып өтсеңіз?

- Депутаттық фракция – аудандағы әлеуметтік-экономикалық саясатқа әсер ете алатын партияның негізгі құралы, өздерінің сайлау­алды уәделерін жүзеге асырудың сенімді механизмі. Партияны қайта жаңғырту бағдарламасының басты міндеттерінің бірі – депутаттық фракциялар жұмысына жете мән беріліп, депутаттардың партиялық жауапкершілігін түбегейлі күшейту. Бүгінде партияның аудандық мәслихаттағы депутаттық фрак­циясы халықтың сенімін ақтап, ел мүддесі үшін нақты жұмыстар атқарып келеді. Фракция мүшелері өз округтерінде тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізіп, халықтың мұң- мұқтажына құлақ асады. Қоғамдық қабылдаулар арқылы көтерілген мәселелерді мәслихат сессияларын­да талқылап, нақты ұсыныстар беріп отырады. Әсіресе, білім, денсаулық сақтау, жол және инфрақұрылым, жастар мен кәсіпкерлерді қолдау салаларына ерекше көңіл бөлінуде.

Өткен жылы VІIІ шақырылым мәслихаттағы депутаттық фракциялардың 5 мәжілісі өтіп, онда 5 мәселе қаралып, 22 ұсыныс мемлекеттік органдарға жолданып, 20 ұсыныс орындалды, қалған 2 ұсыныс орындалу үстінде. Ал биылғы жылы фракция отырысының 1 оты­рысы өтіп, күн тәртібінде 2 мәселе қаралып, 5 ұсыныс мемлекеттік органдарға жолданды.

«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ДЕПУТАТТЫҚ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ БЕКІТІЛГЕН КЕСТЕГЕ САЙ «ДЕПУТАТТЫҢ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ» АЯСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЛАР ЖҮРГІЗІП КЕЛЕДІ. 2024 ЖЫЛДЫҢ 12 АЙЫНДА ДЕПУТАТТЫҚ ФРАКЦИЯНЫҢ МҮШЕЛЕРІ 33 ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІП, 45 ТҰРҒЫННЫҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ҚАРАЛЫП, ОНЫҢ ІШІНДЕ 27 НЕМЕСЕ 73 ПАЙЫЗЫНЫҢ ОҢ ШЕШІМІН ТАБУЫНА ЫҚПАЛ ЕТТІ.

2025 жылдың І тоқсанында депутаттық фракцияның мүшелері 7 қоғамдық қабылдау өткізіп, 11 тұрғынның арыз-шағымдары қаралды. Оның 7 немесе 63 пайызы оң шешімін тапты. Сонымен қатар жыл ішінде 22 депутаттық сауал жол­данып, оның 18 мәселесі оң шешіліп, қалған 4 сауалдың орындалысы бақылауға алынды. Мемлекеттік, құқық қорғау органдарының бас­шыларымен 34 қоғамдық қабылдау өткізіліп, 42 тұрғынның арыз- шағымдары қаралып, оның ішінде 21 немесе 50 пайызы оң шешімін тапты. 3 мобильді қоғамдық қабылдаулар 28 тұрғынның арыз-шағымдары қаралды. Жалпы ауданда 2024 жылы қоғамдық қабылдауға 255 арыз- шағым тіркеліп, олардың былтыр 121-і немесе 49% оң шешімін тапты. Халықтың әр әлеуметтік тобымен «кері байланыс» қағидаты бойынша қабылдаулардың аясын кеңейту, бастауыш ұйымдардағы жеке қабылдаулардың кестесіне үнемі мониторинг жүргізу тәжірибесі енгізілді.

- Өзіңіз атап өткендей, жолданған депутаттық сауал нәтижесінде қандай мәселелер оң шешімін тапты?

- Аудандық фракцияның бастама­сымен бірқатар маңызды мәселелер көтеріліп, нақты шешімдер қабылданды. Ауылдық округтерде медициналық пункттерді жаңғырту, балалар ойын алаңдарын орнату, әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға көмек көрсету – депутаттар назарындағы басты бағыттардың бірі. Сондай-ақ фракция бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылап, әділ шешімдердің қабылдануына ықпал етуде. Бұл – жергілікті басқару жүйесінің ашықтығы мен жауапкершілігін арттырады.

Мәселен, өткен жылы Есбол ауылдық округінің ауылішілік жолдарының құрылысын жүргізу, Есбол орта мектебіне жаңадан пән кабинеттерін сатып алу, Талдыкөлге жарық шамдарын орнату, фельдшер- акушер маманымен, жедел жәрдем көлігімен қамтамасыз ету, елді мекеннің жол белгілерін заңдылыққа сәйкестендіру, Алға ауылындағы балабақша құрылысының жобалық- сметалық құжаттамасын жасақтау, Махамбет ауылындағы көп пәтерлі апатты тұрғын үйлердің тұрғындарын көшіру сынды т.б. мәселелер көтеріліп, оң шешімін тапты.

- Ел дамуына жаңа серпін беретін, әлеуметтік әділеттілікке негізделген, халық сұранысына жауап беретін еліміздің жетекші саяси ұйымы ретінде партияның 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы қабылданды. Оның аудандағы орындалысы қалай?

- Халықтың әл-ауқатын арттыруға әлеуметтік теңдікті қамтамасыз ету, экономикалық өсімді жеделдету және әділетті қоғам құру мақсатын көздейтін партияның 2023–2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы аясында көптеген жұмыстар атқарылуда.

Мәселен, өткен жылы аталмыш бағдарлама аясында 34 іс-шара жо­спарланып, оның 30-ы орындалды. Қалған 4 іс-шараны орындауға табиғи апаттар мен қаржылық кедергілер әсер етті. Махамбет ауылындағы 4,5 шақырым Жайық жағалауын бекіту жұмыстарының 45%-ы орындалып, қалған бөлігі төтенше жағдайға бай­ланысты 2025 жылға жоспарланды. Сондай-ақ «Айдана-Агро» шаруа қожалығының инфрақұрылымы көктемгі тасқын салдарынан зардап шегіп, инвестициялық жобаның аяқталуы кейінге қалдырылды. Мәдениет нысаны мен Аққайың ауылдық амбулаториялық пунктінің құрылысы қаржыландырудың кешігуіне байланысты 2025 жылға ауыстырылды.

Сонымен қатар өткен жылы партиялық бақылау комиссиясы 5 отырыс өткізіп, 26 ұсыныс жолдады, оның 20-сы орындалды. 2025 жылы І тоқсанда тағы 2 ұсыныс берілді.

Бағдарламадағы тапсырмалардың орындалуын бақылауды қоғамдық кеңестердің мүшелері, партияның фракциялары, сондай-ақ сайлауалды бағдарламалардың көрсеткіштері мен іс-шараларына жеке бекітілген депутаттар жүзеге асыруда.

- Партияның жанынан құрылған партиялық бақылау комиссияларының жұмысы жөнінде не айтар едіңіз?

- Партиялық бақылау – қабылданған шешімдердің нақты орындалуын, мемлекеттік бағдарламалар мен әлеуметтік бастамалардың тиімді жүзеге асуын қамтамасыз ететін маңызды құрал. Партиялық бақылау комиссияла­ры – партиялық тәртіпті сақтау, сайлауалды бағдарламаның орын­далу барысын бақылау, мемлекеттік органдар мен депутаттардың жұмысына қоғамдық мониторинг жүргізу міндетін атқарады. Бұл жүйе халықтың билікке деген сенімін арттырып, ашықтық пен есептілікті күшейтуге бағытталған. «Аmanat» партиясының аудандық филиалда­ры жанынан құрылған партиялық бақылау топтары әлеуметтік ны­сандарды аралап, жоспарланған жұмыстардың сапасы мен мерзімінде орындалуын қадағалап отырады. Мысалы, мектептердің күрделі жөндеуі, ауыз су тарту, жол жөндеу, денсаулық сақтау мекемелерін жабдықтау сияқты жобалар – пар­тия бақылауындағы басым бағыттар.

ӨТКЕН ЖЫЛЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ 5 ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛІП, 26 ҰСЫНЫС ТИІСТІ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРҒА ЖОЛДАНДЫ. ОЛ ҰСЫНЫСТЫҢ 22-СІ ОРЫНДАЛЫП, ТӨРТ ҰСЫНЫС ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ. 2025 ЖЫЛДЫҢ 1 ТОҚСАНЫ БОЙ­ЫНША ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ 1 ОТЫРЫ­СЫ ӨТКІЗІЛІП, 2 ҰСЫНЫС ТИІСТІ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРҒА ЖОЛДАНДЫ.

Махамбет ауылында жаға бекіту жұмыстарын, 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысына партиялық бақылау бекеті ашылып, апта сайын комиссия мүшелері барып, қадағалау жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қарау, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын бағалау, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қадағалау да – бақылау тобының негізгі міндеттері. Партиялық бақылаудың арқасында талай кемшілік дер кезінде анықталып, тиісті шаралар қабылдануда. Мәселен, мердігер компаниялардың жауапкершілігін арттыру, сапасыз жөндеулерге қайта түзету жүргізу, тұрғындар талаптарының орында­луын жеделдету сияқты нақты істер жүзеге асып келеді. Партиялық бақылау тек тексеру емес, халықпен кері байланыс орнатудың, қоғамдағы әділеттілікті нығайтудың тиімді жолы ретінде қарастырылады.

- Тек саяси алаңда ғана емес, ел өмірінің барлық салаларын­да белсенді әрекет етіп келе жатқан саяси ұйымның бірнеше бағытта партиялық жобалары бар екенін білеміз. Осы орайда, аудан көлемінде қандай жобалар жүзеге асуда?

- Партияның басты мақсаты – қоғамдағы өзекті мәселелерді шешу арқылы халықтың әл-ауқатын арт­тыру. Осы бағытта партия бірқатар партиялық жобаларды жүзеге асы­рып отыр. Оның әрқайсысына жеке- жеке тоқталып өтейін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пайдаланылмай жатқан және заңсыз бөлінген ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару, оны халық игілігіне беру жөнінде тапсырма бергені белгілі. Осы міндетті орындауда «AMANAT» партиясы «Жер аманаты» жобасын қолға алды. Жоба аясында заңсыз жекешелендірілген немесе пай­даланылмай жатқан жерлер мен жайылымдарды мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізілуде.

МӘСЕЛЕН, 2023 ЖЫЛЫ АУДАН БОЙЫНША 65 ЖЕР ТЕЛІМІ 16953,63 ГЕКТАР ЖЕР УЧАСКЕСІ АУДАН ЖЕР ҚОРЫНА ҚАЙТАРЫЛДЫ. 2024 ЖЫЛЫ 32 ЖЕР 6709 ГЕКТАРДЫ ҚҰРАСА, БИЫЛ 2025 ЖЫЛҒА 9 ЖЕР ТЕЛІМІ 728 ГЕКТАРДЫ ҚҰРАДЫ. 5138 ГЕКТАРДЫ ҚҰРАЙТЫН, ҚАЙТАРЫЛҒАН 15 ЖЕР ТЕЛІМІ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА КОНКУРС НЕГІЗІНДЕ ТАБЫСТАЛДЫ.

Ауыл тұрғындарының табысын, біліктілігін арттыру, жаңа кадрларды даярлау «Ауыл аманаты» жобасы аясында аудан тұрғындарына, кәсіпкерлеріне, белсенді жаста­рына арналған мобильді топтың қатысуымен көшпелі кездесулер, «ашық есік күні» өткізіліп келеді. 2023 жыл 35 тұлға өтініш беріп, 29 кәсіпкер 231 610,0 мың теңге несие алып, өз кәсібін ашты. Биыл 73 тұлға 673 790,0 мың теңгеге несие алуға өтініштерін білдірді.

Ұлы Отан соғысы, еңбек және тыл ардагерлеріне құрмет көрсету, материалдық және моралдық қолдау көрсету – «Ардагерлерді ардақтайық» жобасының негізі. Өткен жылы бұл жоба бойынша 5 шара өткізіліп, 67 адам қамтылды. Ал 2025 жылы «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы бойынша 5 ай ішінде 9 шара өткізіліп, 35 адам қамтылды. Жастар мен ардагерлер арасында байланыс орнату арқылы ұрпақтар сабақтастығы қалыптасуда.

«Бақытты отбасы» партиялық жо­басы - көп балалы, аз қамтылған және мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларды қолдауға бағытталған. Қайырымдылық акциялары, тегін кеңестер, тұрғын үй мәселелері бойынша көмек көрсету – жоба шеңберінде атқарылып жатқан негізгі жұмыстар. Бұл бойынша өткен жылы 4 іс-шара өткізіліп, 64 адам қамтылды. Аудан аумағындағы көп балалы, аз қамтылған, толық емес отбасы, жетім және жартылай жетім, мүмкіндігі шектеулі 44 отбасының 74 баласына қолдау көрсетілді. Биылғы жылдың бес айында өткізілген 3 іс- шараға 30 адам қамтылды.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын арт­тыру мақсатында жүзеге асып жатқан «Кедергісіз келешек» атты жоба инклюзивті орта қалыптастыруға бағытталған. Мекемелердің қолжетімділігін арттыру, мүгедектерге арналған инфрақұрылым мәселесін бақылауға алу – басты басымдық. Жоба аясында мүмкіндігі шектеулі және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында партия жанынан мони­торинг топ құрылды. Өткен жылы ау­дан бойынша 14 нысанға мониторинг жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 14 нысан талапқа сәйкестендірілді. Бұл зерделеу жұмыстарының орындалуы партияның тікелей бақылауында болады. Биылғы жылдың өзінде 3 нысанға монито­ринг жұмыстары жүргізілді.

«Қарызсыз қоғам» партиялық жобасы аясында қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында 510 тұрғын курсқа қатыстырылып, сертификаттары табысталды. Биыл да бұл жұмыстар жалғасын табуда.

Сонымен қатар экология мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған «Таза Қазақстан» жо­басы сенбіліктер, ағаш отырғызу, қоқыссыз орта қалыптастыру сынды нақты іс-шараларды қамтиды. Бұл жоба бойынша да көптеген іс- шаралар өткізілді. Атап айтсақ өткен жылы 4 рет, биыл 2 рет сенбілік ұйымдастырылды. «AMANAT» пар­тиясы алдағы уақытта да елмен бірге, ел үшін еңбек етуді жалғастырады.

- Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Б.САПАРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT