Аудандық және ауылдық әкімдіктерде еңбек ететін қызметкерлер бұқара халықпен етене жұмыс істейтін, жұртшылыққа ең жақын адамдар болып табылады.
Ол жергілікті жерде халықтың мұң-мұқтажын, үміт-назын терең түсініп, қоян-қолтық араласып, олардың мүдделерін көздеп, мәселелерін тап-тұйнақтай шешуі қажет. Әрине, ол үшін білім, кәсіби тәжірибе қажет. Мемлекеттік қызметші туралы заңдарда үш айлық сынақ мерзімі көзделген, ендігі қадамдарда 3+3 формуласы бойынша мемлекеттік қызметке алғаш қабылданушылар үшін міндетті түрде сынақ мерзімі 3 және 6 айлық бақылаудан өткізілмекші. «Бұлақ басынан тұнады» дегендей, бұл жас маманның жауапкершілігін арттыратын, өзі атқарып отырған қызметке деген тәжірибесін ұлғайтатын маңызды шара болады деп есептеймін. «Өзіңді есті адамдардың қатарына қосқың келсе, аптасына, айына, жылына есеп бер» деген белгілі абайтанушы Омар Жәлелұлының сөзі осында жатса керек. Қызметке деген адалдық, еңбексүйгіштік, Отанға деген патриотизм – Елбасының мемлекеттік қызметкерлер алдына үнемі қойып келе жатқан осынау ұлы мақсаттар іске асырылуда.
Ендігі міндет – мемлекеттік аппараттың әлеуетін одан әрі дамыта түсу. Осы жолда еңбекке ынталандырудың бір парасы ретінде мемлекеттік қызметкерлердің жала- қысын қызметінің нәтижесіне байланысты өсіру болып табылады. Бұл 100 қадамның 5 және 6-қадамында нақты көрсетілген. Алдағы уақытта мынандай өлшемдер қолданылмақшы: мемлекеттік қызметкерлер үшін – жеке жылдық жоспарларды орындау; мемлекеттік органдар үшін – стратегиялық жоспарларды орындау; әкімдер үшін – мемлекеттік қызмет сапасының арнаулы индикаторлары, өмір сапасы, инвестиция тарту. Бұл дегеніңіз белгілі мақсатқа, нақты нәтижеге қол жеткізу, былайша айтқанда түпкі көзделген міндеттің орындалуы.
Материалдың толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар