Кемшілік мектеп асханаларында да бар

«Нұр Отан» партиясы мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануын бақылап, салауатты өмір салтын ұстануына ықпал ету мақсатында «Мектеп асханалары» партиялық жобасын қолға алды.

Жоба аясында «Нұр Отан» партиясы Махамбет аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, білім бөлімінің мамандары, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары, ата-аналар комитеті және аудандық мәслихат депутаттарынан құрылған ведомствоаралық сараптамалық топ мүшелері аудан басындағы О.Шонаев және Е.Ағелеуов орта мектеп асханаларына мониторинг жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда Е.Ағелеуов атындағы орта мектебі бойынша – жалға алушы жеке кәсіпкер «Ж.Байгужина». Ыстық тамақпен қамтылып отырған оқушы саны – 563, соның 1-4 сыныпта 443, 5-11 сыныпта 120 оқушы. 1 ауысымда 333 оқушы, 2 ауысымда 230 оқушы. Бір балаға күніне 220 теңгенің тамағы қарастырылып, 4 апталық ас мәзірі жасақталған. Ал О.Шонаев атындағы орта мектеп бойынша – мектеп асханасына жалға алушы жеке кәсіпкер «Ж.Байгужина» дайындалған тағамды Е.Ағелеуов атындағы орта мектебінен термоспен тасымалданады. Ыстық тамақпен қамтылып отырған оқушы саны – 383 бала, соның ішінде 1-4 сыныпта – 281, 5-11 сыныпта – 102 оқушы. 1 ауысымда 197 оқушы, 2 ауысымда 186 оқушы тамақтанады. Мониторинг жүргізу барысында ведомствоаралық сараптама тобының мүшелері мектеп оқушыларына берілетін ыстық тамақ пен өнімдер бойынша қызмет көрсетудің стандарттарын қарап шықты. Осы орайда мектеп асханаларында бір қатар кемшіліктер анықталып, тиісті ескертпелер айтылып, хаттама толтырылды.

Алдағы уақытта сараптамалық топ аудан көлеміндегі мектеп асханаларына мониторинг жұмыстарын жүргізетін болады.

Б.СҮЙЕУОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT