Пекин қаласында Қазақстанның Мәдени орталығының ашылуы – ел абыройын асқақтатар айтулы оқиға. Бұл шарада 5 пен 10 жас аралығындағы балаларымыздың қазақтың қастерлі домбырасын тартып, қонақтарға қазақ және қытай әуендерін орындауы бізді ерекше қуантты.
Жас өрендердің өнерге деген ынтасы мен домбыраға деген ықыласы көңілге қуаныш ұялатады. Әсіресе, Люй Цзышин есімді баланың өнерін үлкен таланттың бастауы деп бағалауға болады.
Ұлттық өнеріміздің өзге ел төрінде дәріптелуі – халқымыздың бай мәдениетінің айқын көрінісі. Мұндай игі шаралар жас ұрпақты рухани тұрғыдан байытып қана қоймай, халықтар достығын нығайтуға сеп болатыны сөзсіз.
С.ЖАЙЛАШЕВ,
Махамбет аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы