Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен жоғары деңгейдегі келіссөз жүргізді.
Кездесуде екіжақты саяси сенімді нығайту, сауда-экономикалық серіктестік, энергетика, көлік-логистика, мәдени-гуманитарлық және технологиялық саладағы ынтымақтастық мәселелері кеңінен талқыланды.
Мемлекет басшысы Қытайды Қазақстанның тату көршісі әрі стратегиялық серіктесі деп атап, Қытайдың Қазақстанның егемендігі мен қауіпсіздігіне көрсеткен қолдауына ризашылығын білдірді.
Президент екі ел арасындағы сауда көлемінің рекордтық деңгейге жеткенін және алдағы уақытта бұл көрсеткіштің арта түсетінін мәлімдеді.
Сондай-ақ АЭС салу, уран жеткізу және бейбіт атом жобаларына қатысты ынтымақтастық тақырыбы қозғалды.
2025 жыл — Қазақстандағы Қытай туризмінің жылы болып жариялануы да екі ел халқы арасындағы достықты нығайта түсері сөзсіз.
Бұл келіссөздер – Қазақстан мен Қытай арасындағы жоғары сенімге негізделген, тең құқықты серіктестіктің берік негізі екенін көрсетті.
Ақжол ҚОНЫСБАЕВ,
Махамбет аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы