«Көшет» акциясы басталды

Маусымдық кезеңнің басталуына байланысты «Көшет» үш айлық акциясы басталды.

Аудан аумағына әкелінетін заңды және жеке тұлғалардың сауда-саттықты жүзеге асыратын орындарда тұқымдық материалдар мен отырғызу материалдарын карантиндік объектілермен және бөтен текті түрлермен залалдануын, сондай-ақ отырғызу материалдарына қойылатын фитосанитариялық талаптарға сәйкестігін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы тексеру жүргізеді.

Қазақстанда карантиндік объектілердің 16 түрі кең тараған, оның бесеуі ағаш көшеттерін зақымдауға қабілетті. Бұлар – шығыс жемір құрты, жұпсыз жібек құрты, калифорниялық қалқаншалы сымыр, американдық ақ көбелек, арам шырмауық. Көшеттер мен тұқымдарды сатып аларда мұқият болу керек.

Көшеттер мен тұқымдардың карантиндік жай-күйін куәландыратын құжаттары болуы тиіс. Егер көшеттер мен тұқымдар шетелден келген болса, фитосанитариялық сертификаты, Қазақстанның облыстарынан келген болса, карантиндік сертификаты болуы керек. Сондықтан сатушыдан көшеттердің, тұқымдардың сертификаттарын сұраңыздар. Сатушының қолындағы сертификат сізге оның дені сау өсімдікті ұсынып отырғанына дәлел болады.

Г.СЕРИКОВА,

өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT