ГРАНТ ЖЕҢІМПАЗЫ

ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ “АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ” КММ-НІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ӨТКЕН 14-35 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫ ҚАМТЫҒАН “ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ” ГРАНТ ЖОБАСЫНЫҢ АЛТЫ БАҒЫТЫ БОЙЫНША ГРАНТ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ. ЖЕҢІМПАЗДАР ҚАТАРЫНДА АУДАНЫМЫЗДЫҢ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРЫ ДА БОЙ КӨРСЕТТІ.

Солардың бірі «Самал» мәдениет үйінің басшысы Бексұлтан Маратұлы «AUYL DAUYSY» атты жобасын ұсынып, грант иегері атанып отыр. Ауыл үнін алыстарға жеткізетін жоба арқылы ауылда көрінбей жүрген талай таланттың жолын ашамыз дейді автордың өзі.
– Бүгінде міне, «Тәуелсіздік ұрпақтары» мемлекеттік грантын жеңіп алып , көптен ойда жүрген үлкен жобамды іске асыру мүмкіндік алдым. Ауыл -тамырын тереңге жайған руханияттың, табиғи таланттың қайнар көзі.

Бірақ өкінішке қарай , бүгінде ауылда қаншама дарынды жастар болса да, шығармашылығын да мытуға қолайлы жағдай жасалмаған. Қарапайым дыбыс жазу студиясының өзі жоқ. Бұл жастарға тек материалдық емес, рухани бағытта дамуға кедергі. Ән жаздыру үшін аудан немесе қалаға сабылуға мәжбүр. Жолақы, студия ақысы, жатын орын – бәрі қосымша шығындарға алып келеді.

Осылайша өнер жолын таңдағандардардың құлшынысыда төмендей береді. Мен ұсынған « AUYL DAUYSY » жобасы  осы мәселені шешуге бағытталған . Оның аясында ауылда қолжетімді, заманауи дыбыс жазу студиясы ашылады. Бұл студия – жай ғана құрылғы жиынтығы емес, жастардың дарынына сенім, өнеріне серпін беретін рухани орта болмақ,-дейді жоба жеңімпазы.

Аталмыш гранттық жобаның шарты бойынша жеңімпаздарға 1 млн теңге көлеміндегі ақшалай қолдау беріліп, жастар күні қарсаңында табысталған болатын. Бизнес, мәдениет, медиа, ғылым, ақпараттық технологиялар және волонтерлік сынды бірнеше бағыт бойынша жастар өз жобаларын ұсынып, үздіктері анықталды. Осы додада ауданымыздан волонтерлік бағыт бойынша «Таза ауыл-таза аймақ» атты жобамен Армангүл Қуангерей де жеңімпаз атанған болатын.


А.БАҒЫТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT