Энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етеді

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы тұсында уранды немесе атомды бейбітшілік мақсаттан гөрі соғыс – қорғаныс бағыттарында пайдалануға басымдық жасалғаны баршаға аян. Атом қуатын бұлай пайдалануға басымдық берілуі халық арасында «атом қуаты тек қана соғыс қаруы ретінде қолдануға жарайды екен» деген түсінік қалыптастырғаны ай­дан анық.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: «Былтыр мен бұл мәселе бойынша өз пікірімді айттым, яғни, референдум тақырыбының қоғам талқысына түскеніне бір жыл болды. Бұл азаматтарымыздың жан-жақты ойланып, салмақты шешім қабылдауына жеткілікті мерзім деп ойлай­мын»,- деген болатын.

Ал енді «АЭС несімен қауіпсіз, бізге не үшін керек, ол бізге не береді?» дейтін сұрақтарға жауап беруге болады. Ғылыми зерттеулердің шешімдеріне сүйеніп айтатын болсақ, атом электр стансасы - желден, күннен, судан алынатын экология жағынан таза энер­гия немесе қуат көзімен теңеседі. Сондай-ақ, АЭС жұмысы қатаң халықаралық стандарттармен реттеледі. Немесе оның жұмысы халықаралық деңгейдегі бақылау органдарымен тексеріледі, бақыланады деген сөз. Әлемнің 31 елінде 400-ден астам реактор жұмыс істеп тұр, олардың нобайы АҚШ, Қытай, Франция елдерінде орналасқан. Қазірдің өзінде 15 елде 62 жаңа реактор салынып жатыр. Олардың қатарында Мысыр, Түркия, Бангладеш, Украина елдері бар. Көршіміз Өзбекстан халқы АЭС салу туралы шешімді қабылдаған. Тағы айтарым, көрші мемлекеттерден электр қуатын сатып алмайтын боламыз. Нақтырақ айтсақ, АЭС энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар электр энергиясының тұтыну бағасының қолжетімділігі тұрақталады. Сөз соңында айтарым, жерлестерімді алда болатын жалпыұлттық референдумға келіп, өз таңдауларыңызды жасауға шақырамын.

Марат САБЫРҒАЛИЕВ,

Махамбет ауылының тұрғыны, еңбек ардагері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT