Ел ертеңі - білімді ұрпақ қолында

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында білім беру саласын дамытуға ерекше назар аударды. Мемлекет басшысы мұғалім мәртебесін арттыру, оқу бағдарламаларын заманауи талаптарға бейімдеу, цифрлық және кәсіптік білімді күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Бүгінде еліміздің дамуы сапалы біліммен тығыз байланысты. Ұстаздардың кәсіби деңгейін көтеру, ауыл мектептерін қолдау, жаңа білім беру инфрақұрылымын қалыптастыру — өскелең ұрпақтың болашағына жол ашады.

Мемлекет басшысы атап өткендей, қазір білім беру тек мектеп қабырғасымен шектелмейді. Цифрлық сауаттылық, IT-технологияларды меңгеру, шет тілдерін білу және кәсіптік дағдыларды дамыту — заманауи талаптардың басты бағытына айналды.

Білім беру жүйесі – елдің интеллектуалды капиталының негізі. Сондықтан әрбір ұстаз, ата-ана мен оқушы бұл бағыттағы жаңашылдықты қолдап, өз үлесін қосуы маңызды. Жаңа технологиялар мен жасанды интеллект дәуірінде сапалы білім – табысты өмірдің кепілі.

Ендеше, білімге салынған әрбір инвестиция – ел ертеңіне салынған инвестиция!

А.Өтегенова,

Тарих пәні мұғалімі 

 



ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT