«Экологиялық сағат» акциясы аясында мектеп аулаларына көшеттер отырғызылды

Бүгін республикалық «Экологиялық сағат» акциясы аясында Қ.Қалыбеков атындағы Сарытоғай орта мектебінде сынып сағаттары өткізілді.

Акцияға аудан әкімі – Ж.Ахметов, мемлекеттік экология инспекторлары – Е.Кадилов, Е.Утепбергенов, А.Чинтасова, О.Багиров және Махамбет аудандық білім бөлім басшысының орынбасары – Р.Мусин қатысып, 10 сыныптың кіріктірілген сабағына қатысты.

kalybekov2

Сабақты биология пәні мұғалімі З.Жанабаева мен көркем еңбек пәні мұғалімі Р.Кусманов өткізді. Сабақ тақырыбы «Экологиялық апаттардың зардаптары және оларды болдырмау жолдары» деп аталды. Акцияның мақсаты - оқушылардың экология ғылымын жан-жақты ғылымдармен байланыстыра отырып, білім деңгейін тереңдету, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сабақ «Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына» орай «Күз» өлеңін оқумен басталып, сол арқылы оқушылар бұлттар, жапырақтар және тұман болып үш топқа бөлінді. Экологияға байланысты сұрақтар қойылып, оқушылардан нақты, толық жауаптар алынды.

kalybekov1

kalybekov4

k

Сонымен қатар, 1-топ: «Адамның іс-әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсері» туралы видео тамашалап, сол бойынша таныстырылым жасаса 2-топ: «Қазақстанның экологиялық мәселелер» тақырыбында жоба қорғады. 3-топ: берілген суреттерді пайдалана отырып, «Атырау облысының экологиялық проблемалары» туралы әңгімеледі.

Сабақ соңында оқушылар «Егер мен эколог болсам ...» деген тақырыпта ойларын ортаға салды. Сабақ соңында келген қонақтар мен оқушылар табиғат аясына шығып, мектеп ауласына көшеттер отырғызды.

О.Шонаев атындағы орта мектебінде барлық сыныптарда «Экология және біз», «Тарылтпайық туған жердің тынысын», «Экологическая безопасность» тақырыптарында танымдық – дамытушылық сабақтар 30 минутқа жалғасты. Сонымен қатар мектеп жанындағы учаскелерге 10 көшет отырғызылды. Оған аудан әкімінің орынбасары З.Ж.Мұқашев және аудандық білім бөлімінің басшысының м.а. А.Сұлтанғалиева, О.Шонаев атындағы орта мектебінің директоры Ж.Дүйсенгалиевалар қатысты.

shonaev3

shonaev

Осындай шаралар Жалғансай орта мектебінде де өткізілді. Оған ауыл әкімі К.Садықов пен мектеп директоры Ж.Есенғалиев қатысты. Экологиялық сағаттан кейін мектеп ауласына 9-11 сынып оқушылары 20 тал түптерін отырғызды.

sagat1

sagat

Акция бағдарламасына сәйкес экологиялық сағатқа аудан бойынша 3232 оқушы қатысты. Шара соңында барлық мектепте 20 талдан, барлығы 340 тал отырғызылды.

Б.Сүйеуова

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика