№ 233 референдум учаскесінде де дауыс беру жалғасып жатыр. Учаске төрағасы Серік Тасмағамбеттің сөзіне сүйенсек, 630 дауыс беруші тіркелген. Белгілі себептермен, денсаулығына байланысты референдумға келе алмайтын 19 тұрғынға бюллетень жәшігі апарылды.
Аталмыш референдум учаскесінде ең жас дауыс беруші Нұрислам Орынбасар болса, ең қарт дауыс берушілер зейнеткерлер Үміт Абуова мен Мəлік Тəжіғалиев болды. Қазіргі уақытта 400-ден аса адам дауыс берді.
А.ТЕКЕБАЙ