Бейінді лагерьлер өз жұмысын бастады

Аудандық білім бөлімінің әдіскері Гүлнар Хасанның айтуынша, 10 маусымнан бастап ауданымыздағы 15 мектеп жанынандағы бейіндік лагерьлер өз жұмысын бастады. Бұл бейіндік лагерьлер мектеп жанындағы тамақтандырусыз лагерьлер 5 күндік қана. Жазғы кезеңде 100 оқушыны міндетті оқу қорынан лагерьмен қамту көзделді.

Әдіскер қосымша білім беру, ша­тырлы лагерь, мәдени-тарихи орындарға танымдық саяхаттар мен демалыс ұйымдастыру, агрожасақ, «Жас Ұлан» көшбасшылық мектебі, үйден оқитын балалар барын да атап өтті. Жаз айла­рында Ресей Федерациясының Же­лезноводск қаласындағы «Қазақстан геологі» емдеу пансионатына Е.Ағелеуов мектебінен 1 кезеңге–7, 2 кезеңге–6 бала тынығады деп отырмыз. О.Шонаевтан 1 кезеңге–8, ал 2 кезеңге–5 бала барады. Қ.Қалыбеков мектебінен 1 кезеңге–5, 2 кезеңге–2 бала барса, Қосаралдан 1 кезеңге–6, 2 кезеңге–2. Алға мектебінен 1 кезеңге–6, 2 кезеңге–3. Қ.Ахмедияровтан 1, 2 кезеңдерге–4 ба­ладан баратын болды. Қ.Қарашаұлы атындағы орта мектептен 1 кезеңге–5, 2 кезеңге–3 бала барады. Қызылүй орта мектебінен 1 кезеңге–5, 2 кезеңге–3 бала барса, ал Жалғансайдан 1 кезеңге–4, 2 кезеңге–3. Есбол мектебінен де екі кезеңге де 4 баладан. Ақтоғай мектебінен 1,2 кезеңге 4 баладан 8 бала барады. Талдыкөлден 1 кезеңге–6, 2 кезеңге–3 бала барса, Д.Төленов мектебінен 1 кезеңге–7, 2 кезеңге–5 бала баратын болды. Еңбекшіл негізгі мектебінен 1 кезеңге–-3 бала барады.

Сонымен қатар, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры жалпы білім беретін мектептерге атап айтсақ,Е. Ағелеуов мектебіне–17, О.Шонаев мектебіне-11, Қ.Қалыбеков мектебіне-7, А.Байтұрсынұлы-11, Қосарал-7, Алға- 11, Қ.Ахмедияров-7, Қ.Қарашаұлы-11, Талдыкөл-6, Жалғансай-6, Еңбекшіл-2, Есбол-5, Ақтоғай-5, Д.Төленов 11 жолдама жазғы лагерьлерде демалуына берді.

-Жалпы биыл барлық мектептерде киіз үй лагері өз жұмысын бастады. Бәріне бірдей киіз үй табылмағандықтан, кейбір мектептер бір кабинетті киіз үй тәріздес етіп жабдықтады. Демалыс лагерьлерін таза ауыз сумен қамту көзделген. Лагерьдегі балаларға бөтелкедегі су бе­румен қатар, таза ауыз су әр мектептің құдығына су таситын автокөліктермен та­сымалданады,- дейді әдіскер Гүлнар Ха­сан бізбен әңгімесінде. Барлық лагерь тиісті мамандармен, құрал-жабдықтармен қамтылған.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521