Қазіргі таңда аудан көлемінде жол- көлік оқиғасы салдарынан түрлі жарақаттар алған жасөспірімдер фактісі – 1, жасөспірімдерді бұралқы иттер қабу фактісі –1 т.б оқыс оқиғалар орын алып отыр.
Жасөспірімдер арасында орын алатын оқыс оқиғалардың бірі – суға кету. Сол себепті жасөспірімдердің жазғы демалыс кезінде өзенге шомылу қауіпсіздігі ата-аналардың қатаң бақылауда болуы тиіс.
Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдердің ойын-сауық орындар мен тұрғын үйден тыс жерлерде түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруін болдырмау және жазғы демалыстарын тиімді пайдалану жұмыстарын жандандыруды полиция қызметкерімен ата-аналар бірігіп атқаруы қажет.
А.ЕЛЕШОВА,
аудандық полиция бөлімінің ЖПҚб кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы,
полиция аға лейтенанты.