Облыстық Полиция департаментінің аумақтық полиция бөлімшелерінің және Қылмыстық–атқару жүйесі департаментінің аумақтық Пробация қызметтерінің есебінде тұрған тұлғалардың тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтың және қылмыстың қайталануының алдын алу мақсатында 1 қыркүйектен бастап «Учаске» атты республикалық профилактикалық іс-шарасы басталды.
Осыған орай аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімімен бірлескен жоспар құрылып, аудандық пробация қызметі тобының есебінде тұрған сотталғандар тексерілуде.
Мұндағы басты мақсат – есепте тұрған бас бостандығын айырумен байланысты емес жазаға сотталған тұлғалардың тарапынан болатын құқық бұзушылықты, қылмыстың қайталануын уақытылы анықтау үшін олардың тұрғылықты жерлері, әкімшілік деректер базасы бойынша тексеру. Іс-шара барысында аудандық пробация қызметі есебінде тұрған сотталғандардың материалдық-тұрмыстық жағдайы, нақты қайда және кіммен тұратындығы, тіркелу орны, тұрғылықты жері болуы жіті тексерілуде.
Республика көлемінде бастау алған іс-шара 1 қарашаға дейін жалғасатын болады.
А.МОЛДАШЕВА,
аудандық пробация қызметі
тобының аға инспекторы,
әділет капитаны