«Бақытты бала – бақытты ел» республикалық акциясы басталды

2021 жылдың 20 мамырында бастау алған акция, 20 маусымға дейін жалғасатын болады.

Бұл туралы Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында айтылды.

Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Бердібек Таишевтың айтуынша, акцияның мақсаты елімізде балалардың өмір сүру сапасын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-топтардың, БАҚ-тың күш-жігерін біріктіру; орталық және жергілікті деңгейлерде баланың құқықтары мен мүдделерін мемлекеттік саясаттың алдыңғы қатарына шығару; әр баланың құқықтарын насихаттау және қорғау, балалардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу, балаларға құрметпен және қамқорлықпен қарау.

Акция бірнеше блоктан тұратын болады. «Отбасында өмір сүру бақыты», «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол!», «Құқықтық күзет», «Балалар бастауы», «Таңғажайып әлем», «Мейірімділік – балаларға», «Спорт әлемінде», «Бала қауіпсіздігі».

- «Бала қауіпсіздігі» бойынша толықтырып атап өтсек: Жақын арада жылы жайнаған жаз келіп демалыс кезеңі басталады, бірақ үлкен де кіші де білуі керек, жазғы демалыс мезгілі бұл – өрттер және басқа да төтенше жағдайлардың пайда болуының жоғары қауіпті кезеңі. Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаметінен алынған мәлімет бойынша 2021 жылы жасөспірімдердің көмір қышқыл газына уланудың 4 дерегі тіркелген. Деректерге сүйенсек 2020 жылы 6 бала суға кеткен, 2021 жылы мұндай 2 дерек тіркеліп, бір бала қайтыс болған. Сондықтан жалпы ата-аналардан сұрайтынымыз  бала өмірлерін қауіп қатерге тікпеңіздер, жолда жүру ережесін сақтауды ұмытпау! Демалған кезде тәртіп сақтау қажеттігі туралы жиі ескертіп отырыңыздар, - деді Б. Таишев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT