Бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады

Атырау облысының жергілікті әскери басқару органдары балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, әріптестерінің балалары үшін қызықты ойындар ұйымдастырды.

Жаздың жаймашуақ күнінде бүлдіршіндер ашық аспан астында асфальтқа сурет салып, шар үрлеп, көңілді ән шырқап, би билеп,мәз-майрам болды.

«Халықаралық балаларды қорғау күні – балалық шақтың көңілді мерекесі ғана емес, ол балалардың болашағына инвестиция салу мәселесін ойлану үшін де керек» дейді мерекелік іс-шараға қатысқан Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз-қызметінің бастығы, майор Урбайза Абитова.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521