Заңсыз сақталған қарулар, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды сатып алу акциясы.
Атыс қаруларымен, оқ-дәрі және жарылғыш заттармен жасалатын қылмыстардың алдын-алу үшін, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылдың сәуір айының 20-нан бастап халықтан заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу акциясы жүргізіледі. Мемлекет азаматтардың өз еріктерімен өткізген әрбір қарулар мен оқ-дәрілерге және жарылғыш заттарға 100 айлық есептік көрсеткішке дейін сыйақы белгілеп отыр.
Мемлекет азаматтардан өз еріктерімен бұрын ішкі істер органдарында есепте болмаған заңсыз сақтаудағы қаруларды қабылдап алып, оларға олардың санатына сәйкес түрлі мөлшердегі сыйақылар береді. Сыйақыны беру арнайы құрылған комиссияның шешімімен қаруы қабылданып, арнайы тексерістерден өткен соң, қарудың материалдық жай – күйін ескере отырып арнайы ережеге сәйкес 3 санатты қолданылады беріледі:
І санатқа жатқызылған қару үшін төлем ұсынылатын құнның 100 пайызы есебінен жүргізіледі, ІІ санатқа жатқызылған қару үшін төлем ұсынылатын құнның 70 пайызы есебінен жүргізіледі, ІІІ санатқа жатқызылған қару үшін төлем ұсынылатын құнның 30 пайызы есебінен жүргізіледі.
Заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ-дәрілерді, өз еріктерімен Ішкі Істер органдарына өткізген азаматтар қылмыстық, әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.
Азаматтардың зақым немесе жарақат алуын болдырмау мақсатында табылған және анықталған жарылғыш заттарды өздігінен тасымалдамай, ПБ «102» телефоны арқылы хабарласуларыңыз сұралады.
ҚР ІІМ Сіздердің осы үндеуді қолдайтындарыңызға сенім білдіре отырып, жайсыз жағдайлардан сақтану үшін заңсыз сақталған атыс қаруларын ерікті түрде сыйақы алу үшін тапсыруға ұсыныс жасайды.
Махамбет ауданы полиция бөлімінің баспасөз қызметі
Сурет:дереккөз