Қазақстан Қарулы Күштері нағыз отаншыл қызметкерлерді күтеді

Отанымыз аумағының бүтіндігін сақтау, халықтың тыныштығын алатын лаңкестерге қарсы күрес, мемлекеттерге қауіп төндіретін кез келген сыртқы және ішкі күштерге қарсы тұрудың өзі жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу міндетін жүктейді.

Осыған орай патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтан – ұрпаққа жарасып келе жатқан ұлы мақсат. Қазақстан Қарулы Күштері туған Отанының шынайы патриоттары қызмет ететін, өскелең ұрпақ үшін арман болатын, шын мәніндегі беделді және құрметті қызмет болып қала бермек. Қазақстандықтар өздерінің қорғаны- Қарулы Күштерімен мақтана алады. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне әскери қызметшілердің орнын толықтыру мақсатында келісімшарт бойынша төмендегі әскери бөлімдерге әскери қызметке шақырамыз.

Келісімшарт бойынша әскери қызмет орындары:

1. Атырау қаласы 41433 әскери бөлімі;

2. Атырау қаласы 41321 әскери бөлімі;

3. Атырау қаласы 51051 әскери бөлімі;

4. Бейнеу қаласы 99116 әскери бөлімі;

5. Ақтау қаласы 25744 әскери бөлімі;

6. Ақтау қаласы 51809 әскери бөлімі;

7. Ақтау қаласы ӘТК әскери бөлімі;

Келісімшартпен қызмет ететін әскери қызметшілердің еңбекақысы 2018 жылдан бастап 80000 теңгеден жоғары арнайы қызмет жағдайына қарай еңбек ақысына қосымша үстеме ақы қосылады.

Тұрғын үй қорында қызметтік тұрғын үй болмаған жағдайда-тұрғын үйді жалдауға арналған ақшалай төлемақы (мөлшері отбасы мүшелерінің санына және жұмыс орнына байланысты) төленеді. 2018 жылдан бастап осы тұрғын үйге берілетін қаражат «ЖилСтройБанк» арқылы жинақталуда. Атырау қаласы- 30000 теңге (бір отбасы мүшесіне) Ақтау қаласында - 40000 теңге Іссапар кезінде қосымша қаржы төленеді. мемлекеттік мереке кезінде сөгіс алмаған әскери қызметшілерге 1 айлық ақы деңгейінде сыйақы беріледі;

Жылына бір рет екі айлық еңбек ақысы деңгейінде сауықтыру жәрдемақысымен бірге 40 күн есебінде еңбек демалысы беріледі, оған қоса сырттай жоғары оқу орындарында оқитын әскери қызметшілерге оқу демалысы және жанұя жағдайына да байланысты демалыстар беріледі және демалыстың барлық түрінде де толықтай еңбекақысы төленеді. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әскери медициналық мекемелерде мемлекет есебінен медициналық қамтамасыз етіледі. Егер Сіз келісімшарт бойынша әскери қызметке барғыңыз келсе, Махамбет ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімге келіп, жолығуыңызға болады. Толық ақпаратты сіз осы жерден ала аласыз.

Біздің мекен- жайымыз: Махамбет селосы, А.Құнанбаев көшесі №11 үй Байланыс телефондарымыз: 8(71236) 2-18-99 8(71236) 2-14-70

А.ӘШІМОВА,

Махамбет ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жасақтау тобының келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау жөніндегі қызметкері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT