Қаңтар айының 29-31 күндері аралығында аудан көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Шара барысында 1 тоқсанға арналған жедел-профилактикалық іс-шаралары кестесіне сәйкес жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғалары санын төмендету, сондай-ақ жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу жұмыстары жүргізілді.
А.БИСЕМБАЕВ,
полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің патрульдік полиция взводының командирі, полиция аға лейтенанты.