Аудандық филиалда қоғамдық кеңестің көшпелі отырысы өтті

Соңғы үш жылда Махамбет ауданы бойынша сыбайлас жемқорлықтың 15 фактісі тіркеліп, қылмыстық іс көтерілген.

Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мәліметіне сәйкес көптеген әкімдік бөлімдерінде, бюджеттік мекемелерде құқықбұзушылық фактілері бар. Шаралар алынса да, сыбайлас жемқорлыққа жол беру әлі де толастамай тұр. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің көшпелі отырысында айтылды. Сайын Қуанышевтың төрағалығымен өткен отырысқа «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалының Партиялық бақылау жөніндегі инспекторы Р.Мақсотов және кеңес мүшелері, «Nur Otan» партиясы Махамбет аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Р.Джанглишов, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Аженов, аудандық филиал жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңестің төрағасы Қ.Мажиев пен аудандық қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

s

Мәжілістің күн тәртібіне екі мәселе қойылды. Алғашқысы Махамбет ауданындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарының жағдайы, партияның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасының орындалысы туралы болса, екіншісі – аудандық партия филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасының есебін тыңдау. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша «Nur Otan» партиясы Махамбет аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Р.Бауыржанұлы мен аудандық филиал жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңестің төрағасы Қ.Мажиев хабарлама жасады. Алдын ала құрылған жұмысшы тобы жиын барысында құзырлы органдардың берген мәліметтерін зерделеп, БАҚ-тағы және әлеуметтік желідегі тақырыптарға шолу жүргізді.

s

- Көшпелі отырыстың мақсаты – аумақтық қоғамдық кеңестің жұмысына методикалық көмек сапасын жақсарту және жергілікті жердегі сыбайлас жемқорлық мәселесін шешу бойынша жұмыстарды аудан әкімімен талқылау. Пікірталас та, тәжірибе алмасу да жақсы деңгейде болды. Алға қарай аудан әкімдері, облыстық, аудандық қоғамдық кеңестер, партия филиалдары бірлесе отырып, өңірдегі сыбайлас жемқорлық мәселесін шешу бойынша нәтижелі істерге жетеді деген сенімдеміз,-дейді «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы С.Сәлімгерейұлы.

s

Отырыста облыстық қоғамдық кеңес мүшелері тара¬пынан бірқатар ұсыныстар айтылып, алдағы уақытта қоғамдық кеңес тарапынан жасалынатын жұмыстарға тоқталып, нақты тапсырмалар берілді.

Қ.БАҒЫТ

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT