Ауданда 5-9-11 сыныптар дәстүрлі оқуға көшті

қалған 3630 оқушы бұрынғыша онлайн режимінде оқи бермек.

Махамбет ауданында мектептер штаттық кестеге сай дәстүрлі оқуға көшуде.

Білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі В.ҚАБЫШЕВА:

-Енді 9-11 сыныптар штаттық кестеге сай 70 пайыз дәстүрлі оқуға көшті. Аудан бойынша 1-5 сыныптарда 1424 оқушы, 9 сыныптарда 325 оқушы бар. Сонымен қатар 11 сыныпта 179 бала білім алуда. ІІ тоқсан басталғалы 1-5 сыныптар дәстүрлі оқуға көшті. Жалпы 1-11 сыныптарда 5586 оқушы оқыса, 9-11 сыныптар да оффлайн форматқа көшіп, 1956 оқушы мектепке барып, дәстүрлі оқуды бастады. Ал қалған 3630 оқушы бұрынғыша онлайн режимінде оқи бермек. Сондай-ақ Еңбекшіл негізгі мектебі штаттық режимінде оқу үстінде, - деді ол.

Айта кету керек, жалпы білім беретін мектептерден бөлек техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының, жоғары оқу орындарының І курс студенттері де штаттық режижде білім алуға ауысты. Кеселдің әлі де көпті әуре-сарсаңға түсіріп, алқымнан алып тұрған шақтың өзінде енгізілген білім саласындағы жағымды жаңалықты халық жақсылыққа балауда. Десе де ұрпақ денсаулығы мен өмірі ең маңызды болып қала бермек.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА

Сурет:редакция мұрағатынан алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз