Ауданда 125 жұмыс орнын қамтитын 4 жоба іске қосылды

2021-2022 жылдары 2 ірі жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

«Бұл туралы аудан әкімі Жәрдемғали Ахметов брифингте мәлімдеді»,- деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Индустрияландыру картасына сай, 125 жұмыс орнын қамтитын 4 жоба іске қосылды. Олар: «Первомайский» ЖШС- сүт өндіру зауыты, "Сарайшық АТШ" ЖШС-нің ешкі сүтін өндіру фермасы, «Первомайский» ЖШС-інің биогумус өндіру кешені, «Первомайский» ЖШС-нің сүт өңдеу бойынша фермасын кеңейту жобалары»,- деді аудан әкімі.

Сондай-ақ, 2021-2022 жылдары 2 ірі жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

«Meken Chiken» ЖШС «Бройлерлік құс етін өндіру кешенін салу» мен «Жумагалиева» ШҚ «4 гектар жерге жылыжай» жобалары іске қосылған жағдайда, 119 адам жұмыспен қамтылатындығы айтылды.

Ауданда сауда саттық, қызмет көрсету және қоғамдық тамақтандыру орындарын қоса алғанда 246 кәсіпкерлік нысан тіркелгенін айта кету керек.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT