Студенттер күнінің тойлануына орай,кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықты анықтау және алдын алу сондай-ақ, құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу мақсатында ағымдағы жылғы 14 - 17 қараша аралығында аудан көлемінде «Студент» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – тәуліктің кешкі және түнгі уақытында қоғамға қарсы бағыттағы кәмелетке толмағандардың топтарын анықтауға, оларды профилактикалық әңгімелесу жүргізу, жеке басын және ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың ілесіп жүруінсіз осы немесе өзге де орындарда болу себептерін анықтау.
Іс-шара барысында, жергілікті атқарушы органдар, прокуратура, білім беру, денсаулық сақтау, ата-аналар комитеті, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп жұмыстар ұйымдастырылуда. Бөлімнің ювенальды полиция тобының қызметкерлерімен Заңды өкілдердің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үй-жайлардан тыс жүрген, алкогольдік ішімдіктер пайдаланатын кәмелетке толмағандарды анықтау, оларда қаруды және шанышпалы-кесетін заттарды алып жүру фактілерін анықтауға назар аудара отырып, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша жұмыс ұйымдастырып алдын-алу бағытындағы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
А.Елешова,
Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі
ювеналды полиция тобының
кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
аға учаскелік полиция инспекторы
полиция майоры

