Қазіргі уақытта қала көшелерінде 19 арнайы техника жұмыс істеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атырауда коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелер дамылсыз қызмет көрсетуде. Қазіргі уақытта қаладағы жауын-шашын суларын соруға «Атырау су арнасы» МКК-нің 10 және «АрнаулыАвтобаза» ЖШС-ға қарасты 9 арнайы техникалары жұмылдырылған.
«Бүгін сағат 14:00-17:00 аралығында «Атырау Су арнасы» мекемесі 285 тонна су сорып, жұмыстар әлі де жалғасуда»,- деді қала әкімінің орынбасары Ш. Кейкін. «АрнаулыАвтоБаза» ЖШС қызметкерлері көмегімен 376 текше метр су сорылған.
Қалалық ТКШ басшысы Қ. Қасымовтың айтуынша, жауын-шашын салдарымен күресуге «Каспийдормостострой» ЖШС 3 цистерна камаз көліктерімен қосымша көмектесуде. «Жауын-шашын суын сору күндіз-түні жалғасатын болады»,- дейді Қ. Қасымов.
Материал ашық дереккөзден