Атыраудың абызы, соғыс ардагері Айдын Айбаров дүниеден өтті

Ұлы Отан соғысының ардагері, Атырау облысының құрметті азаматы Айдын Айбаров жүз жасқа қараған шағында өмірден озды.

Айдын Айбаров майданға 1941 жылы Мақат ауданы Доссор кентінен шақырылды. Ол 956-шы авиациялық полктің барлау ұшқышы болды. Белоруссия мен Пруссияны азат етуге қатысқан, Отан соғысы орденімен, II дәрежелі Даңқ орденімен, "Ерлігі үшін" және "Ұлы Отан соғысындағы Жеңісі үшін" медальдарымен марапатталған. Өзінің қадірлі жасына қарамастан, ақсақал өмірінің соңына дейін облысымыздың қоғамдық өміріне белсене араласып, өскелең ұрпақ үшін жарқын үлгі қалдырды.

9 мамырда Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Ұлы Отан соғысының ардагері Айдын Айбаровқа жеке барып, оны Жеңіс күнімен құттықтаған болатын. Үрмелі аспаптар оркестрінің музыканттары ардагер үйінің ауласында соғыс жылдарының әндерін орындаған еді.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика