Атырауда «Махамбет мұрасы – елдіктің өшпес рухы» атты тұрақты кітап көрмелерінің ашылу салтанаты өтті

Бүгін Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында дауылпаз ақын, халық батыры Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай «Махамбет мұрасы – елдіктің өшпес рухы»  атты тұрақты кітап көрмелерінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Көрменің негізгі мақсаты – оқырмандарды Махамбет Өтемісұлының еңбегімен таныстырып, кеңінен насихаттау.

- Бүгін үлкен мерекелік шара өтіп жатыр. Мақсатымыз оқырмандарға жыл басынан таңдалған шығармаларды ұсыну. Мұнда негізінен Махамбет туралы және ақынның шығармалары қойылып отыр. Сондай-ақ Төлен Әбік пен Марат Отаралиевтің де еңбектері бар. Егер кітап көрсесін тамашалаймын дейтіндер болса, Әбілхайыр хан 52 мекенжайында орналасқан облыстық кітапханаға келуге болады. Ал жұмыс уақыты жұмадан өзге күндері сағат 10.00-19.00 аралығында. Бұл іс-шара жыл бойына жалғасады. Алдағы уақытта кең көлемде түрлі кітап көрмелері өтетін болады,- деді Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының басшысы Сара Измұханбетова.

Іс-шара барысында қонақтар таңдаулы шығармалар мен ақын-жазушылар жайлы ой қозғады, жазушы Марат Отаралиевтың немересі Аят Отаралы атасының «Уақыт» атты өлеңін мәнерлеп оқыса, Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық оркестрінің домбырашысы Жәнібек Жантұрсынұлы МахамбетЖәмиевтің «Қайран Нарын» және «Жұмыр қылыш» күйлерін әуелете орындады.

Айта кетейік, аталған іс-шараның ашылу салтанатына жергілікіт ақын-жазушылар Қойшығұл Жылқышиев, Төлеген Жаңабайұлы, Өтепберген Әлімгерейұлы, Гүлзада Ниетқалиева, Әлия Дәулетбаева, жазушы Марат Отаралиевтың жары Гүлзада Ақметқалиева мен ұлы Мұхтар Отаралиев және Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ұстаздары мен студенттер қатысты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521