Атырау облысында көлеңкедегі ауа температурасы 43 градусқа дейін көтеріледі

Атырау облысында көлеңкедегі ауа температурасы 43 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі сенбі күні облыста аптап ыстық болатынын ескертті. Синоптиктердің хабарлауынша, 22 маусым күні көлеңкедегі ауа температурасы 43 градусқа дейін жетуі мүмкін. Еске сала кетейік, өңірде өткен аптада да аптап ыстық болған. Бірақ ол кезде термометр бағаны 40 градустан жоғары көтерілмеп еді.

Сурет:Дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT