Сыйға тартылған көлік ерекше күтімді қажет ететін балаларды, «Атырау. Маленькая страна» бірлестігінің әлеуметтік ауылына тасымалдауға арналған, деп хабарлайды Атырау облысының коммуникациялар қызметі.
Аталмыш бірлестік тағдырдың тауқыметіне тап болған атыраулықтарға, оның ішінде ауыр сырқаттарға шалдыққан балаларға да, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдерге де, ерекше күтімді қажет ететін балғындарға да көмек көрсетеді.
«Sarens Kazakhstan» компаниясының әкімшілік директоры Райхан Есееваның айтуынша, аталмыш сый бірлестіктің бұдан әрі қарқынды дамуына, көптеген игілікті шаралардың жүзеге атсалысуына себеп болады.
- Автокөлік ұзақ уақыт тоқтаусыз қызмет етіп, ерекше күтімді қажет ететін балаларға көмектеседі деп үміттенеміз. Компаниямыз бұған дейін де көтмектесіп келді, болашақта да қоғамның көмекке зәру мүшелеріне қолұшын береді, – деді Райхан Есеева.
Бүгінде қоғамдық бірлестіктен 600-ден астам бала көмек пен арнайы педагог мамандардан білім алуда.
- Әлеуметтік ауылымыз қала іргесіндегі елді мекендердің бірінде орналасқан. Сондықтан, автокөлік басты қажеттіліктердің бірі. Осы мысалға қарап, өзге компаниялар да қайырымдылықпен айналысып жүрген қорларға қолұшын береді деген үміттемін. Компанияға сәттілік пен одан қарқынды дамуына тілектеспін, – дейді «Атырау. Маленькая страна» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ерлан Күмісқалиев.