Атырау «Күнделік» журналының үздік үштігіне енді

Атырау облысы еліміз бойынша «Kundelik.kz» электронды журналын жүйелі толтырып жүрген үздік үш өңірдің қатарынан табылды, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Осыған орай, Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы келген «Күнделік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Мұқтар Ілиясов Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға «Күміс белгіні» табыс етті. Өз кезегінде Бақытгүл Қайыржанқызы білім сапасын арттыру бағытында да жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге мол мүмкіндік пен барлық жағдай жасалып отырғанын атап өтті.

dkun16621-3

Айта кетейік, облыста 197 мектептің 184-і электронды журналмен жұмыс жасайды. Үздіктерді анықтау жобасын журнал басшылығы биыл алғаш рет қолға алып отыр. Оның нәтижесі Атырау облыстық білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының әлеуметтік желілеріне жарияланып, тоқсан сайын үздіктер алғыс хаттарға ие болды. Бұдан бөлек, Атырау облыстық ұлттық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар гимназияда өткен салтанатты шарада бірқатар мектеп ұстаздары марапатталды.

Атап айтқанда, сандық технологияларды пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруде жыл бойы көш бастаған тоғыз мектеп ұжымы арнайы диплом және естелік сыйлықтармен марапатталды. Бұл қатарда Исатай орта мектебі, Махамбет ауданынан Е.Ағелеуов, Жалғансай, Қосарал, Қ.Ахмедияров атындағы, Мақаттан Л.Шахатов және А.Құнанбаев атындағы, Индерден «Көктем» қазақ мектебі және Жылойдан №4 М.Әуезов атындағы білім ордасы бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT