Облыс орталығында бүгін, Білім күні қарсаңында екі бірдей, атап айтсақ, Нұрсая ықшамауданынан 900 орындық, Жұлдыз ықшамауданынан 624 орындық мектеп ашылды, - деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жұлдыз ықшамауданынан ашылған мектептегі алғашқы қоңырау салтанатына Атырау қаласының əкімі Əлимұхаммед Құттұмұратұлы арнайы қатысып, ұстаздар мен оқушыларды мерекемен құттықтады.
- 1 қыркүйек білім мен ғылым саласында еңбек ететін ұстаздар жəне шəкірттер үшін ерекше күн. 2019-2020 оқу жылында қаламызда жалпы білім беретін 59 мектепте алғашқы қоңырау соғылды. Баршаларыңызды айтулы мерекемен құттықтай отырып, биылғы оқу жылында сəттілік тілеймін, - деді қала басшысы. Сонымен қатар, Жұлдыз-3 ықшамауданынан 600 орындық тағы бір мектептің салынатыны белгілі болды.
- Жыл сайын мектепке келуші оқушылардың саны артып келеді.
Осы бағытта облыс бойынша 11 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның алтауы қалада. Облыстағы үшауысымдық мəселесін шешу мақсатында мектеп салу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, - дейді облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жансұлу Төремұратова.
Атырау облысының Өңірлік
коммуникациялар қызметі
Сурет:ӨКҚ