«Атамұра» жеңіспен оралды

Н.Тілендиев атындағы кіші өнер мектебінде «Музыка және өнер мектептерінің» қазақ халқы аспаптары оркестрі мен ансамбльдерінің ІІІ облыстық байқауы болып өтті.

Оған З.Ещанова атындағы аудандық балалар өнер мектебінің жас мұғалімдерінен құралған «Атамұра» ұлт аспаптар фольклорлық ансамбль ұжымы қатысып қайтты. Байқаудың талабы бойынша 7 шығарма орындаған ұжым ІІІ орынға ие болды. Рамиль Елемесов пен жеке әнші Бибінұр Шакимова Атырау облысы білім беру басқармасының ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. Фольклорлық ансамблінің барлық 10 мұғаліміне және мектеп директоры Э.Есбусиноваға сертификат табысталды.

Баян СҮЙЕУОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521