Ата Заң жобасы – заманауи қоғам талаптарына жауап

Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасында адам құқықтары мен бостандықтарының негізгі басымдық ретінде айқындалуы – мемлекеттің демократиялық даму жолындағы маңызды қадамы. Бұл өзгерістер азамат пен мемлекет арасындағы өзара сенімді нығайтып, әрбір адамның құқығы мен қадір-қасиетін қорғауды басты құндылық ретінде бекітеді. Құқықтық мемлекеттің негізі – адамның еркіндігі мен қауіпсіздігі, ал осы бағыттағы нормалардың күшеюі қоғам тұрақтылығының кепілі болмақ.

Жаңа Конституция мәтінінде білім, ғылым, мәдениет және инновацияның басты идея ретінде айқындалуы – уақыт талабына сай стратегиялық шешім. Қазіргі таңда елдің бәсекеге қабілеттілігі табиғи ресурстармен ғана емес, ең алдымен адами капиталмен өлшенеді. Бұл – жас ұрпақтың сапалы білім алып, ғылым мен технологияны меңгеруіне жағдай жасау арқылы мемлекеттің тұрақты дамуына негіз қалайды. Мұндай бағыт ұстаздар қауымы үшін де үлкен жауапкершілік жүктейді.

Сонымен қатар Конституция жобасында алғаш рет азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғау нормасының енгізілуі – аса өзекті әрі қажетті қадам. Қазіргі қоғам цифрлық технологиялармен тығыз байланысты, сондықтан ақпараттық қауіпсіздік, жеке деректерді қорғау және цифрлық теңдік мәселелері мемлекеттік деңгейде реттелуі тиіс. Бұл норма азаматтардың цифрлық кеңістікте өзін қауіпсіз сезінуіне және жаңа технологияларды еркін пайдалануына мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, жаңа Конституция жобасы – елдің болашақ дамуын білімді, саналы және технологиялық тұрғыдан дамыған қоғаммен байланыстыратын маңызды құжат. Бұл бастама Қазақстанның заманауи, әділетті және инновациялық мемлекет ретінде қалыптасуына берік негіз болады деп сенемін.

Нұрбол Хамзин,
информатика пәні мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT