Ата-анаң-асыл қазынаң

А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінде 2019 жылғы 4-11 қыркүйек аралығында «Отбасы – аялы алақан мекені...» атты ата–аналар апталығы өткен-ді.

Апталық барысында өтетін іс-шаралар жоспары жасақталып, алдымен ата-аналар апталығының ашылу салтанаты ұйымдастырылған еді. Кезекші сыныптардың ұйымдастыруымен өткен шарада оқушылар отбасы құндылықтарын айқындайтын өлең жолдары мен әндерін жолдады. Мектеп психологтары Ш.Мухамбеткалиева мен А.Сейтказиеваның ұйымдастыруымен 7 қыркүйекте «Отбасы- аялы мекені» тақырыбында ата-аналар конференциясы өтті.

Конференция барысында қазіргі заман ата-анасы мен бала арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктерін ашу, жаңа заман балаларын тәрбиелеуде ата-ананың мәдени деңгейін көтеруге ықпал ету мақсатында түрлі тренингтер өткізіліп, ата-анаға психологиялық көмек ретінде кеңестер берілді. Сонымен қатар конференция барысында қозғалған басты мәселе оқушылардың мектеп формасы болды.

otbac

Министрліктің №26 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарына сәйкес» оқушылар мектеп формасын сақтап отырғандығын және алдағы уақытта да сақтау қажеттігін айтқан мектеп әкімшілігінің сөзін ата-аналар да бірауыздан қолдады.

o

Апталық аясында 2 сынып жетекшісі З.Құспанғалиеваның ұйымдастыруымен «Ата-анаң –асыл қазынаң» атты ата-аналармен пікірлесу кеші өтті. Мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайта отырып, жас ұрпақтың дамуына бірігіп ықпал ету жағдайларын туғызу мақсатында өткен бұл шарада ата-аналар проблемалық сұрақтар төңірегінде пікір алысты. Сонымен қатар ата-ана мен бала арасындағы шиеленіскен қарым-қатынасты баяндайтын бейнебаянды көре отырып, ондағы туындаған мәселелер бойынша бала мен ата-ана арасында сырласу сәті де көпке ой салды.

o

5 сынып жетекшісі А.Жунусованың ұйымдастырған «Әке –шаңырақ тірегі» кездесу кешінде жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, отбасындағы әке рөлінің ерекше екендігін ұғындыру мақсатында өткен шараға келген әкелер тренингтерге қатысып, жағдаятты сұрақтарға жауап берді.

Кездесу соңында әкелер балаларының өнерін тамашалап, көтеріңкі көңіл-күймен тарасты. Апталық барысында бейнелеу пәні мұғалімдері 1-10 сынып оқушыларына отбасы жылуын бейнелейтін суреттер салып, суреттерден мектеп фойесіне сурет көрмесін ұйымдастырды. Өз отбасындағы жылылықты, отбасы–бақыт мекені екенін дәлелдейтін мазмұнды сурет авторлары дипломдармен марапатталды.

А.Сабыр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз