Ассамблея эстафетасы Махамбетте

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған достық эстафетасы Исатай ауданынан Махамбетке жетті.

q

«Исатай – басшы, мен – қосшы» деп жырлаған дауылпаз ақын Махамбет баба атындағы ауданға көпұлтты елдің достығын әйгілеген эстафетаны жетізген исатайлықтарды Таңдай ауылында қарсы алды. Шашу шашылып, ән мен күй төгілді. Кейін аудан орталығындағы Махамбет батырдың ескерткішінің алдына естелік суретке түскен қонақтар «Өнерпаз» мәдениет үйіне орталық саябақпен жол тартты.

eskertkis241120

Ассамблеяның 25 жылдығына орай өткізілген шараға түрлі ұлт пен ұлыстың өкілдері, этномәдени бірлестік жетекшілері, ауыл ардагерлері, жастар қатысты. Алғашқы сөз кезегі аудан әкімінің орынбасары Мардан Жұмахметов алып, шараның маңыздылығына тоқталды. Эстафетаны табыстаған Исатай ауданының әкімінің орынбасары Еркебұлан Әбілқасымов Нарын құмының картинасын қоса берсе, махамбеттіктер де көрші ауданның өкілдерін құр қол қайтармай, Махамбет бабамыздың бейнесі кестеленген кілемше мен құттықтау хатты ұсынды. Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының Қоғамдық келісім коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Ж.Ілиясова да өзінің ақжарма тілегін білдіріп, Ассамблеяның ширекғасырлық мерекемесімен құттықтады.

62769f09-a390-48e8-ba9e-cb0011ff2b02

m

Құрметті қонақтардың қатарынан табылған «Иверия» грузин этномәдени бірлестігінің төрағасы Зураб Бобохидзенің айтуынша, мұндай шаралардың ауданаралық байланысты нығайтуға септігін мол.

- Біріншіден, осы шараға қонақ ретінде шақырғандарыңызға көп рахмет. Ассамблеяның 25 жылдығына орай өткізіліп жатқан эстафета бүкіл ауданды жалғап, Махамбет ауданында жалғасты. Мұның бәрі ауданаралық байланысты нығайтуға, татулық пен бірлікті насихаттау бағытында жасалып жатқан дүниелер. Еліміздің алға дамуын, халқымыздың бейбіт әрі бақытты ғұмыр кешуін тілеймін. Мен 20 жылдан аса уақыттан бері Қазақстан халқы Ассамблеясының белді мүшесімін. Осы аралықта талай кездесулерде, жиындарды болдым. Соның бірінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы қатысып, өзінің Ассамблея өкілдерімен кездескеннен кейін тамаша көңілде болатынын айтқан. Мен де бүгінгі кездесуге қатысып, түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық биін тамашалап, керемет көңіл-күйде тұрмын. Мен өз жерімді жақсы көремін. Бірлігіміз мен ынтымағымыз арта берсін,- дейді З.Бобохидзе.

bi241120

Мерекелік шара барысында ұлттық би де биленді, өзге ұлттың өкілдері қазақша ән де шырқады. Аудан өнерпаздары күйді күмбірлетіп, әсем әуезді әндерімен жиналғандарды баурап алды.

bi-241120-24

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT