Ашық есік күнінде тұрғындар тілегін тыңдады

Шілде айының соңғы жұмасында аудан әкімі Ж.Ахметов ашық есік күні аясында тұрғындарды қабылдап, мұң-мұқтаждықтарына құлақ асты.

Қабылдауға келген ауыл тұрғындары Алмагүл Мырзагелдиева, Гүлназ Ихсанова, Айымгүл Өтепқалиевалар көп балалы, жалғызбасты ана ретінде тұрғын үйге қалай ие болудың жолдарын сұрады. Аналардың сұрағына жауап берген аудан басшысы тұрғын тек кезек арқылы берілетінін, биылдан бастап ауданда тұрғын үй салу және сатып алу қарқынды жүріп жатқанын, бұл кезектің тез жылжуына септігін тигізетінен айтты. Бұған қоса «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы «Бақытты отбасы» жобасына қатысуға болатынын түсіндірді.

Ауыл тұрғыны, мүмкіндігі шектеулі Александр Чечин әкесі екеуі тұрып жатқан үйінде жуынуға мүмкіндік жоқ екенін ескеріп, санузельмен қамтамасыз етілген жаңа үй беруді сұрады. Аудан әкімі тұрғын үй тек кезекпен берілетін ескертіп, үйіне санузель жүргізіп беруге демеушілік мүмкіндіктер қарастыратынын жеткізді.

Ал жер мәселесімен келген Лариса Хабирова, Ақкенже Саталиева,Сатқали Майжанов, Зоя Шуртабаевалардың сауалдарына жауап беріп, мүмкіндігінше мәселелерін шешуді аудандық жер бөлімінің басшысы Н.Пернебековке тапсырды.

Қамқорлығындағы немерелерінің оқу ақысын төлеуге көмек сұраған Далаб Оразалиева мен апасының қызына грантпен жәрдемдесуді өтінген Анаргүл Мухановаларға жергілікті әкімшілік тарапынан ондай мүмкіндіктер қарастырылмағаны түсіндірілді. Оқу орнының басшылығына өтініш жазып көруге кеңес берілді.

Жалғансай ауылының тұрғыны Құралай Меделова баласына көлік жүргізу куәлігін алуға, Президент жарлығына орай несиесін жабуға және өзін немесе жолдасын тұрақты жұмысқа орналастыруға көмек сұрады. Оған несие мәселесі бойынша банкке хабарласу қажеттігі айтылды. Көлік жүргізу куәлігі қазір тек қана емтихан тапсыру арқылы берілетіні түсіндірілді. Ал жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша, мүмкіндігін қарастыру аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Сайын Қожырақовқа тапсырылды.

Жалғызбасты ана Охиза Бахитованың аптасына екі рет келіп тұратын әлеуметтік көмекші тағайындау туралы өтінішіне, аудан аумағында ұл-қыздары тұратын адамдарға заң бойынша әлеуметтік көмекші тағайындалмайтыны,бірақ ерікті жастар арқылы көмектесу қарастырылатыны айтылды.

Б.СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521