«Адал жол» болашаққа бастайды

Сыбайлас жемқорлық қаупі жағынан экстремизмнен кем емес жау, сондықтан сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға күш салу, күресу баршамыздың парызымыз.

Адамзат тарих сахнасына шыққан ғасырлар үрдісінде ақыл-ойдың талай-талай тамаша үлгілерін жасады. Алайда өркениет өріне шыққан адамзаттың тамырына балта шаба алмай отырған үлкен кеселдің бірі – сыбайлас жемқорлық індеті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар нәтижелі ұйымдастырылса, жастардың өсіп-өркендеудің сатысында сыбайлас жемқорлықтан аулақ болуға, адал еңбектің дәмін татуға өз септігін тигізеді. «Еңбектің наны тәтті» дегендей, адал еңбекпен табысқа жету, адал, таза еңбекпен елдің экономикасын дамытуға, ата-бабамыздан мұра болып қалған құнарлы жер байлығын сақтауға, дамыған отыз елдің қатарына кіруге, тура жолмен еңбек етіп, күш салу барлығымыздың еншіміздегі жауапты іс болмақ. Орталық алаңда 2018 жылға арналған қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспары шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол-честный путь» марафоны ұйымдастырылды. Қатысушылар «Жемқорлықсыз ел-гүлденген ел», «Сыбайлас жемқорлық туралы 1494 сенім телефонына хабарласыңыз!», «Адал жол-честный путь» сынды жазуы бар тоғыз плакат ұстап шықты. Алдымен марафонды Қазақ елінің көк туын желбіреткен он жеті көлік автошеруді бастап кетті. Автошеру ауданымыздың көшелерін түгел аралады.

Аудан жастарының флеш-мобы да жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Шараны аудан әкімінің аппарат басшысы Нұрлан Серікұлы ашып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы біраз іс-шаралар өтіп, ауыл-аймақ, аудан көшелеріне жемқорлыққа тосқауыл қою бағытындағы стендтер, баннерлер ілінгенін, аудан әкімі аппаратының сайтында, аудандық газетте бірнеше мақалалар жарияланып, сенім телефоны барын тілге тиек етті. Қоғамға зор қауіп төндіретін кеселден қашанда аулақ болуға шақырды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Қаражанов Жәнібек Жұмабайұлы да марафон ең алғаш Жылыой ауданынан бастау алып, бүгінде Махамбетте жалғасқанын, бүкіл облыс аумағын шарлап, шара Атырау қаласында аяқталатынын жеткізді. Патриоттық рухтағы «Қазақ елі» әнін Дана Ғасырбек әуелете шырқаса, сазгер Ж.Төлебайдың «Мен қазақпын» әнін Дәурен Сатқанның орындауымен есте қалды. Әсем сазға толы «Астана» әнін дуэт Еламан Ғафуров пен Білім Аруева орындағанда қол соқпаған жан қалмады. Е.Хасанғалиевтың «Жасай бер, қазақ!» әнін күміс көмей әнші жігіт Әли Төлеуовтің орындауында тыңдадық.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521