Ақтоғай ауылдық округінде референдум бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді

Конституцияға енгізілетін өзгерістер бойынша 5 маусым күні өткелі отырған бүкілхалықтық референдумға орай халық арасында түсінік жұмыстарын жүргізу мақсатында Ақтоғай ауылдық округінде жиын өтті.

Округке қарасты орта мектеп, балабақша, мәдениет үйі қызметкерлерімен кездесу барысында Конституцияға жасалатын түзетулердің қазақстандықтардың өміріне әсері мен референдумның маңыздылығы талқыға түсті. Жиынға қатысушылар саяси өзгерістерге белсенді түрде қызушылық танытып қана қоймай, референдумды қолдайтындықтарын көрсетті.

- Әлемдегі тұрақсыз жағдайды, сыртқы қауіп-қатерлерді ескере отырып, біз қазақстандықтар бірлігімізді нығайтып, еліміздегі өмірді жақсарту үшін бірлесе жұмыс істеуіміз қажет. Елімізде болып жатқан өзгерістерге қолдау көрсету - өте маңызды. Жалпыхалықтық референдум халық игілігіне өзгерістер әкелуіне әр азамат ат салысуға құқылы,- деді ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Р.Сүгірова.

Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық реформада мемлекет қоғаммен белсенді диалогқа түсіп қана қоймай сонымен қатар, қазақстандықтарды жаңғырту үдерісіне өздері қатысуға шақыратынын атап өткен болатын.

 

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT