Сартоғай ауылдық округіне қарасты 220-ы референдум учаскесіне көпті көрген көнекөз қарты, Тыл ардагері Демеу Нұрғалиев келіп дауыс беріп кетті. Қос дәуірдің куәсі болған ақсақал: “болашақтың бағдарын жастардың қолына бердік. Ендігі күтеріміз артымызда қалған ұрпағымыз қиындық көрмей өмір сүрсін” - деп өз тілегін айтып кетті.
А.Сатаева
                                    
            
    
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
