34 кәсіпкерге жадынама таратылды

Жасыратыны жоқ, сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналды.

Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Осындай мақсатта бөлімде ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша РММ тапсырмасына сәйкес "Қоғамдық бақылау картасы" жобасын қоғам арасында насихаттау мақсатында 34 кәсіпкерге арнайы жадынама таратылды. Сонымен қатар кәсіпкерлік және туризм бөлімі тарапынан жеке кәсіпкерлерге «Qamqor» ұялы қосымшасы жөнінде арнайы жасақталған жадынамалар ұсынылды.

Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмау халықтың қолында.

Сондықтан кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

А.СЕРІКОВА,

аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің қызметкері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT