26 шілде "АШЫҚ ЕСІК КҮНІ"

Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың тапсырмасына сәйкес Атырау облысында 26 шілде күні «Ашық есік күні» өтеді.

Тұрғындармен кездесу сағат 17:00-де өңірдің барлық ауыл,аудан,қала әкімдіктерінде, мектеп, балабақша, спорт орталықтарында, аурухана, емханаларда және т.б. әлеуметтік, мемлекеттік мекемелерде ұйымдастырылады. Сұрақтарыңыз, өтініштеріңіз, арыз-шағымдарыңыз болса аталған мекемелердің есігі ашық. Атырау қаласы және облыс аудандары әкімдіктерінің "Ашық есік күні" өтетін орындарын атап өтейік:

- Атырау қаласы әкімдігі:Қ.Смағұлов көшесі,5 ,ДСК(ФОК) Атырау.

- Қызылқоға ауданы әкімдігі:Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залы

- Мақат ауданы әкімдігі: Мақат кенті Х.Санбаев мектебі ғимараты

- Исатай ауданы әкімдігі: “Жалын” мәдениет үйі

- Жылыой ауданы әкімдігі: Аудандық “Кең Жылыой” мәдениет үйінің жанындағы кітапхана

- Махамбет ауданы әкімдігі: Махамбет ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залы

- Құрманғазы ауданы әкімдігі: “Көшекбаев” атындағы мәдениет үйі

- Индер ауданы әкімдігі: Индер ауданы әкімі аппаратының ғимараты "Ашық есік күні" әр айдың соңғы жұма күнінде тұрақты түрде өңірдің барлық әлеуметтік, мемлекеттік мекемелерінде ұйымдастырылады.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT