Есбол ауылдық мәдениет үйінде орналасқан 232 референдум учаскесі жергілікті уақыт 07.00-де ашылып, өз жұмысын бастады. Мұнда
411 дауыс беруші тіркелді.
Олардың арасында 6 мүмкіндігі шектеулі азамат және 14 адамның денсаулығына байланысты өтініш беруіне байланысты 20 адам үйден дауыс береді.
Алғашқы боп дауыс беруші ауыл тұрғыны Баян Қойлыбаеваға сый-сияпат ұсынылды.
Қазіргі уақытта 10.00-де 50 дауыс беруші өз таңдауын жасады.
Б.Сапарова