Ел экономикасының дамуы мен тұрақтылығы — жұмысшы мамандардың кәсіби шеберлігі мен еңбегіне тікелей байланысты. Қазіргі таңда техника мен өндіріс саласында жаңа технологияларды меңгерген, тәжірибелі мамандарға сұраныс артып келеді.
Жұмысшы мамандықтар жылының басты мақсаты — жастарды нақты кәсіп игеруге, еңбекке баулуға және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға ықпал ету.
Осы бағытта еліміздің білім беру ұйымдарында, өндіріс орындарында, техникалық және кәсіптік колледждерде түрлі жобалар, көрмелер, байқаулар мен шеберлік сабақтары өткізіліп келеді. Мұның барлығы — жастарды кәсіби бағыттауға, еңбекке деген сүйіспеншілікті арттыруға арналған.
Еңбек адамы — елдің тірегі, мемлекет дамуының қозғаушы күші.
Сондықтан жұмысшы мамандықтардың қадірін арттыру — жарқын болашаққа бастар жол!
Гүлдана Серікбайқызы
Құрманғазы ауданы

