Президенттің Нью-Йорктегі жұмыс кестесі түрлі деңгейдегі кездесулерге толы болды

Мемлекет басшысы президенттермен, министрлермен, жетекші халықаралық ұйымдар мен компаниялардың басшыларымен 20-дан астам кездесу өткізді

Қаралған мәселелер ауыл шаруашылығы, білім беру, спорт, инвестиция және жасанды интеллект сияқты кең ауқымды бағыттарды қамтыды. Қазақстанға миллиардтаған инвестиция тарту жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді. Қазақстан мен АҚШ-тың ірі компаниялары арасында 11 келісім мен меморандумға қол қойылды. Құжаттар еліміздің экономикасына 5,2 миллиард доллар көлемінде инвестиция салуды көздейді және олар көлік, логистика, энергетика мен ақпараттық технологиялар сияқты стратегиялық маңызды салаларды қамтиды.

Мемлекет басшысы АҚШ-тың жетекші ірі бизнес өкілдерімен бірқатар келіссөздер өткізді.

Солардың ішінде:

– PepsiCo қорының директорлар кеңесінің төрағасы Стивен Кихомен кездесу.

Әлемге әйгілі бренд Алматы облысында көлемі 368 миллион долларды құрайтын снек өндіретін зауыттың құрылысын бастап кетті.

– Amazon компаниясының аға вице-президенті Дэвид Запольскимен кездесу

Мемлекет басшысы цифрландыру, байланыс және жасанды интеллект мәселелері бойынша ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Amazon Kuiper Алматы, Ақкөл және Ақтау қалаларында жерүсті инфрақұрылымын дамытуды жоспарлап отыр. Бұл мақсатта шамамен 200 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция салу көзделген. Бұл – ірі IT-компаниялардың қатысуымен жүзеге асатын алғашқы ауқымды жоба. Соның нәтижесінде Қазақстан, соның ішінде шалғай өңірлер де, жоғары жылдамдықтағы спутниктік интернетке қол жеткізеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT