Тұрғын үй құрылысындағы жауапкершілік жадынама

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҮЛЕСТІК ҚАТЫСУ ЗАҢЫН БҰЗҒАНДАРҒА ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ
ЖАДЫНАМА


Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңының 41 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Осы заңда белгіленген талаптарды бұза отырып, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тартатын тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу заңын бұзғандарға салынатын айыппұл көрсеткіші өсті.
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу бағытында заң бұзушылықтар анықталған жағдайда құрылыс салушы мен жобалаушы ұйымның әкімшілік жауапкершілігі қарастырылған.
Атап айтқанда, құрылыс салушы немесе жобалаушы компанияларға тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнама талаптарын бұзғаны үшін 300 АЕК айыппұл белгіленіп отыр. Ал бұл заң бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, құрылыс салушы компания рұқсатының қолдануын үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға алып келеді.
Бұдан бөлек, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнама талаптарын бұзған инжинирингтік компанияға салынатын айыппұл 500 АЕК мөлшерінде көзделген.
Сарапшылар заң бұзса, сарапшы аттестатының қолданылуын 6 ай мерзімге тоқтатумен салынатын айыппұл 180 АЕК көлемінде тағайындалады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521