Тергеу изоляторы Абайды ұлықтады

28 қазан күні Атырау облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты УГ-157/1 (тергеу изоляторы) мекемесінде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай шығармашылық байқау өтті.

Тергеу изоляторына шаруашылық қызметіне қалдырылған 11 сотталған қатысқан шараға мекеме қызметкерлерінен бөлек, «Шапағат» Қоғамдық қорының өкілдері қатысты.

- Ұлы Абайдың өлеңдері арқылы сотталған азаматтардың бойына көптеген жақсы қасиеттерді сіңіріп, олардың тезірек түзелуіне жол ашамыз. Өйткені, Абайдың әр өлеңі адам бойындағы игі қасиеттерді дәріптейді, - дейді УГ-157/1 мекемесінің теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тобының аға инспекторы Эльвира Сауғабаева.

Екі бөлімнен тұрған шараның алғашқы бөлімінде сотталған азаматтар Абайдың өлеңдерінен үзінді оқыса, екінші бөлімінде Абайдың өмірі туралы сұрақтарға жауап берді.

- Абайдың өлеңдерін соңғы рет мектепте оқып едім. Бүгін сол оқығандарымды қайтадан есіме түсіруге тура келді. Енді осы шарадан кейін Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романын оқитын боламын,- дейді сотталған Нұрлан.

Шара соңында жеңімпаздар алғыс хатпен және тұрмыстық техникалармен, кітаптармен марапатталды. Тергеу изоляторы басшылығы осындай тәрбиелік маңызы бар шараларды жиі өткізіп тұратындығын жеткізді.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика