ТАЙ ЖАРЫС

Өздерінің алтын ұя мектептерімен қоштасқандарына 20 жыл толуына байланысты арнайы бағдарлама дайындаған түлектер соңғы күні қазақтың ат спортын дамытуға өз үлестерін қосып, тай жарысын ұйымдастырды.

Мәре сызығын бірінші болып кесіп өткен шабандоз Н.Сәрсенбай 50000 теңгелік байрақты қанжығасына байласа, 40000 теңгелік екінші жүлде М.Сәрсенбаевқа бұйырды. Шабондоз Н.Тұрғанбаев пен С.Өмірзақ 30000,20000 теңгені қанағат тұтты.

Сөйтіп, бірнеше күн бойы ауылды думанға бөлеп, Рамазан айында ораза тұтқандарға ауыз ашар ұйымдастырып,игілікті істер тындырған түлектер тойы тәмамдалды.

К.Сапарқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521